422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Норвегия билігі шектеу шараларын қатаңдатты

  • 92
  • UPD: 08:16, 06.11.2020

Норвегия билігі де аймақта шектеу шараларын қатаңдатып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар ел тұрғындарын санитарлық талаптарды сақтап, үйден шықпауға шақырады. Сонымен қатар бір уақытта 5 адамнан артық қонақ шақыруға болмайды. Барлық бар мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқартылатын болды. Ал коронавирусты анықтайтын тест нәтижесі жоқ жолаушылар ел аумағына кіре алмайды. 

Эрна Сольберг, Норвегия премьер-министрі:

– Эпидемиологиялық ахуал өте күрделі. Көктемдегідей локдаунға жеткізбеу үшін әр адам саналылық, жауапкершілік таныту керек.

Хабар 24 телеарнасы