424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 48 млн-нан асты

  • 86
  • UPD: 10:52, 06.11.2020

 Көптеген мемлекет індеттің күшеюіне байланысты жаңа шектеулер енгізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе Еуропада індетпен байланысты ахуал нашарлап, елдер шектеулерді қатаңдатуда. Мысалы, Польша ауруханаларында науқастарды қабылдайтын орындар жетіспей, кезекте тұрған жедел жәрдем көліктері көбейген. Кеше бұл елдің билігі алдағы сенбіден бастап жаңа шектеулер енгізілетінін жариялаған. Оған сәйкес барлық кинотеатр мен театрлар, мұражай, қоғамдық және музыкалық орталықтар жабылады. Егер бұл шаралар нәтиже бермей дертті жұқтырғандар қарасы көбейсе жалпыұлттық карантин енгізілмек.

Жедел жәрдем қызметкері:

– Қазір жағдайдың ауыр екенін бәріміз түсінеміз. Сондықтан ауруханалар алдында осындай кезектер пайда болды. Себебі вирус жұқтырған дәрігерлер саны артып, мамандар жетіспей жатыр. Алдағы уақытта жағдай қалай болатынын ешкім тап басып айта алмайды.

Тап осыған ұқсас жағдай Бельгияның кей ауруханаларында қалыптасқан. Льеж қаласындағы емдеу орталығының бірі науқастардың көбеюіне алаңдауышылық білдіріп отыр. Мамандар келесі аптада ауруханадағы интенсивті терапия бөлімі коронавирусқа шалдыққандарға толатынын айтады. Еске сала кетейік, Бельгия корольдігінде қазанның 19-ынан бастап кешкі уақытта коменданттық сағат енгізілген. Осымен бірге барлық барлар жабылған. Брюссельде бетперде тағып жүру міндетті.

Хабар 24 телеарнасы