424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Эта» дауылынан Орталық Америка елдерін су басты

  • 77
  • UPD: 09:57, 06.11.2020
«Эта» дауылынан Орталық Америка елдерін су басты

Осы аптаның бас кезіннен бастап Орталық Америкада соққан «Эта» дауылынан аймақтағы кей елдерде апатты жағдай орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүлей желмен бірге жауған нөсерден көптеген елді мекенді су басып жатыр. Кеше Никарагуаны басып өткен дүлей жел Гондурасқа жетіп, 11 адам опат болды. Жүздеген үй бүлінген. Тасқыннан ондаған ауыл бөлініп қалған. Апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар «Эта» енді Кубаға соғып, содан кейін алдағы дүйсенбіде АҚШ-тың Флорида штатына ойысады деп отыр.

Обидио Васкез, жергілікті тұрғын:

– Түн тыныштығын тасқын бұзды. Жұрт шырт ұйқыда жатқан еді. Бәрі кенеттен болды. Есікті ашып едік, үйдің іші қас қағым сәтте суға толып кетті. Жиһаз-мүлкіміз бәрі суға кетті. Өзіміз әзер дегенде аман шықтық.

Хабар 24 телеарнасы