423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Трамп пен Байден жақтастарының шерулері жиіледі

  • 104
  • UPD: 12:36, 06.11.2020

АҚШ-та бюллетеньдерді санау жалғасып, жағдай шиеленісіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей қалаларда Президент Дональд Трамп пен Джо Байденнің жақтастарының шерулері жиілеген.

Детройт қаласының орталығына қос кандидатты қолдаушылар жиналып, бір-біріне айқайлап, бетпе-бет келген. Ал Аризона штатынының орталығы Фэникс қаласында Трамптың жақтастары санақ жүріп жатқан ауданға жиналып, процестің ұзаққа созылғанына наразылық танытуда. Пенсильванияда да осындай жағдай. Ахуалдың шиеленісуіне байланысты штат орталығында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Джеки, шеруші:

– Мен неге Трампты қолдаймын? Өйткені ол – Джордж Вашингтон мен Авраам Линкольннен кейінгі елімізді басқарып отырған ең мықты президент. Менің ойымша, санақ әділ жүруі тиіс. Біз алаяқтыққа жол бермеуіміз керек. Тіпті қарсы тарап та оның әділдігіне күмәнданса, наразылық танытуы тиіс. Себебі бұл – Америка қоғамына жат қылық.

Хабар 24 телеарнасы