425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияның денсаулық сақтау жүйесіне тағы қауіп төнді

  • 95
  • UPD: 12:32, 06.11.2020

Францияда індетпен байланысты ахуал нашарлап, елдің денсаулық сақтау жүйесіне тағы қауіп төнді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бесінші республикада соңғы бір тәулікте 58 мың адам вирусты жұқтырып алды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты билік елде дәрігер мамандарды мобилизациялап, індетпен күреске зейнеткерлер мен медицина студенттерін жұмылдырып жатыр. Дәрігерлерге түскен ауыртпалықты жеңілдету үшін үкімет әскерилерді пайдаланып, көп зардап шегіп жатқан аймақтардағы науқастарды өзге өңірлерге тасымалдауға көшті. Парижде жаңа шектеулер енгізілді. Түнде тамақ сату мен жеткізуге тыйым салынды. Жоғарғы сынып оқушыларының бір бөлігі қайта қашықтан оқуға ауыстырылды. Билік халық шектеулерді сақтамаса, індеттің екінші толқыны ұзаққа созылатынын ескертіп жатыр. 

Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі:

– Карантин біздің күнделікті өмірімізге өзіндік өзгеріс әкелетіні анық. Талап, шектеу, осыған көндігуге тура келеді. Тек сонда ғана төніп тұрған қауіптен құтылып, қиындықты тез еңсереміз. Ал достарды үйге шақырайық, он шақты адам жиналғанда не тұр деген сияқты немқұрайлылық әрекеттер індетпен күрес шараларының тиімділігін бәсеңдетіп, карантин ұзаққа созылады. Сондықтан азаматтарды жауапкершілік танытып, барлық шектеуді орындауға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы