424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

  • 72
  • UPD: 14:33, 06.11.2020
Испанияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті NEWS1.ru

Испанияның оңтүстігінде нөсер жаңбыр салдарынан жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті.

Нәтижесінде бес адам жарақат алған, деп жазады Cadena Ser.

Оқиға бейсенбі күні кешке Малага провинциясына қарасты Теба муниципалитетінде болды. Пойыз Альхесирас – Мадрид бағыты бойынша бара жатқан. Пойызда жалпы саны 48 жолаушы болған.

Оқиға орнына өрт сөндіру командалары мен Азаматтық авиацияның өкілдері жіберілген. Белгілі болғандай, құрамға апарар жол жауын салдарынан шайылып кеткендіктен, көліктер жүре алмай қалған. Оқиға орнын дәл анықтау мақсатында полиция тікұшағы жұмылдырылды.

Пойыз жолаушыларының барлығы эвакуацияланып, Антекер муниципалитетіндегі станцияға жеткізілген.

Хабар 24 телеарнасы