423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шашы ұзын қыз әлемдік рекорд орнатты

  • 138
  • UPD: 16:48, 06.11.2020
Шашы ұзын қыз әлемдік рекорд орнатты Guinness World Records

Үндістандық оқушы Гиннестің рекордтар кітабына осымен үшінші рет еніп отыр.

18 жастағы Ниланши Патель алғашқы рекордын 2018 жылдың 21 қарашасында орнатқан, деп хабарлайды Guinness World Records. Содан бері өз нәтижесін екі рет жаңартты. Жақында ол шаш ұзындығы бойынша жасөспірімдер арасында теңдессіз екенін тағы бір дәлелдеді.

Пательдің шашының ұзындығы 18 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда өлшеніп, 2 метр екені расталды. 2019 жылы оның шашының ұзындығы 10 см-ге қысқа болатын.

Бойжеткеннің айтуынша, ол алты жасында шаш үлгісін бүлдіріп алып, бұдан былай шашын ешқашан қимау туралы шешім қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы