Польшада мерт болған 16 жастағы қазақстандықтың өліміне қатысты күдікті тәртіп сақшыларының қолына түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол 51 жастағы бұрынғы полиция қызметкері екен. Айыпталушы: «Марқұмды жабайы аң екен деп қалып атып жібердім», – дейді. Ол сотқа дейінгі тергеу барысында қамауда болады. Қайғылы оқиғаға қатысты қолға түскен тағы бір күдіктіге 3 бірдей айып тағылып отыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, марқұмға дер кезінде көмек көрсетпеген екінші айыпталушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Естеріңізге салайық, 2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында 2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза тапты. Қазақстандық өзінің достарымен бірге алма бағына барғанда оққа ұшқан. Марқұм аймақтағы мектеп-интернаттың оқушысы еді.
Сондай-ақ:
Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді
ҚР СІМ Польшада 16 жастағы қазақстандықтың өлтірілуіне қатысты мәлімдеме жасады