422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гондураста «Эта» дауылынан 18 адам мерт болды

  • 64
  • UPD: 23:31, 06.11.2020
Гондураста «Эта» дауылынан 18 адам мерт болды

«Эта» дауылы мен нөсер жауыннан Гондурастың бірнеше өңірі топан су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, апаттан 18 адам мерт болды. Табиғаттың тосын мінезі ондаған баспананы жарамсыз күйге айналдырған. Қауіпті аймақтарда құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Долы дауыл осы аптада Никарагуада да ойран салды. Қазір аймақта нөсер жауын мен қатты жел тұрды. Мамандар «Эта» алдағы уақытта Кубаға соғып, кейін АҚШ-тың Флорида штатына дейін жетеді деп болжайды.

Хабар 24 телеарнасы