424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливерпуль тұрғындары жаппай тестілеуден өтіп жатыр

  • 55
  • UPD: 09:48, 07.11.2020
Ливерпуль тұрғындары жаппай тестілеуден өтіп жатыр

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында коронаиврус індеті өршіп тұр.

Аймақ үш апта бойы карантин режимінде. Жергілікті билік өңір тұрғындарын жаппай тестілеуден өткізе бастады. Аурудың бар-жоғын жылдам анықтау үшін кез келген тұрғын еш қиындықсыз экспресс-тест тапсыра алады. 

Шараның ұйымдастырылуына дәрігерлер ғана емес, әскерилер де жұмылдырылған. Тестті медициналық орталықтарда және жұмыс немесе оқу орнында да тапсыруға болады. Мамандардың айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта елдің өзге де қалаларында қолға алынбақ.

Хабар 24 телеарнасы