423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеудегі кафеде келушілерге робот қызмет көрсетеді

  • 210
  • UPD: 12:41, 07.11.2020
Мәскеудегі кафеде келушілерге робот қызмет көрсетеді

Мәскеудегі кафелердің бірінде келушілермен қарым-қатынасты шектеу үшін робот даяшы қызмет көрсетіп жүр. Мамандар құлтемір коронавирус індеті өршіп тұрғанда адамдарға қызмет көрсетудің нағыз тиімді әдісі дейді.

Мәселен, осылайша ауру жұқтыру мүмкіндігі төмен болмақ. Сонымен қатар уақыт та үнемделетін болады. Өйткені робот бір уақытта бірнеше тапсырысты қабылдайды екен. Бұған қоса қауіпсіздік мақсатында әр екі сағат сайын құлтемір зарарсыздандырылып отырады. Алайда келушілер адамдар арасындағы көзбе-көз тілдесудің орыны қашан да ерекше екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы