422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тағы сайлауда Байден алда келеді

  • 117
  • UPD: 15:18, 07.11.2020

Індет қыспағына түскен АҚШ-та саяси ахуал қызып тұр. Елдегі президенттік сайлау 3 қарашада өткенімен оның қорытындысы әлі жарияланған жоқ.

Себебі бірнеше штатта дауыс санау әлі де жалғасып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша қазір Джорджия, Невада және Пенсильвания штаттарында Джо Байден алда келеді. Бұған дейін осы өңірлердің екеуінде Дональд Трампқа қолдау көрсеткендердің қатары басым болған еді. Қазір Ақ үй басшысы тек Солтүстік Каролина штатында сәл ғана басымдықпен алда келеді. 264 дауысқа ие болған Джо Байденге толық жеңіс үшін 6 ұпай жетпей тұр. Айта кетейік, саяси дода жеңіске жету үшін үміткерлердің бірі 270 дауыс жинауы тиіс.

 

Джо Байден, АҚШ президенттігіне үміткер:

- Қазір қысым деңгейі өте жоғары. Сондықтан барлық бюллетеньдерді тексеріп шығуға мүмкіндік беріп, шыдамдылық танытуымыз керек. 

Айта кетейік, қазір АҚШ-тың бірқатар қаласында екі кандидатты қолдауға арналған акциялар өтіп жатыр. Мәселен, қазіргі президенттің жақтастары осымен үшінші күн қатарынан Аризонадағы дауыстарды санау орталығына келуде. Көбінің қолында қару. Ал Байденннің қолдаушылары Филадельфия көшелерімен жүріп өтті. Олар дауыстардың бәрін есептеуді талап етті.

Хабар 24 телеарнасы