422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та вирус жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелді

  • 97
  • UPD: 20:10, 07.11.2020

АҚШ-та соңғы екі аптада бір күн ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 50 процентке өсті.

Кеше елде 125 мыңнан астам жаңа дерек тіркелді. Бұл - пандемия басталы бергі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ бүгін Ақ үйдің аппарат басшысы Марк Медоузтың инфекцияға шалдыққаны белгілі болды. Сарапшылардың сөзінше, алдағы уақытта Америкадағы коронавирус ахуалы одан сайын нашарлай түседі. Өйткені қазір елде шамамен 11 мың адам жансақтау бөлімінде жатыр екен.

Джош Шарфштейн, Джонс Хопкинс университетінің профессоры:

- Елдің кей өңірлеріндегі ауруханаларда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған төсек-орындар саны азайып барады. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің өте қиын кезеңді бастан өткеріп жатқандығының белгісі. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдамасақ, жағдайды бақылаудан шығарып аламыз.

Францияда бір аптада үшінші рет коронавирус жұқтырудың тәуліктік рекорды жаңарды. Жұма күні елде 60 мыңнан астам азаматтан қауіпті инфекция табылған. Бір апта ішінде 20 мыңдай француз ауруханаға түскен. Оның 3 мыңға жуығы жансақтау бөлімінде.

Хабар 24 телеарнасы