420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда тұрғындарға түнде жүруге тыйым салынады

  • 102
Грузияда тұрғындарға түнде жүруге тыйым салынады

9 қарашадан бастап Грузияның 7 қаласында түнгі уақытта жүріп-тұруға шектеу қойылды.

Бұл тізімде ел астанасы да бар. Жаңа шектеу шараларына сәйкес, енді тұрғындарға кешкі сағат оннан таңғы 5-ке дейін көшеге шығуға болмайды. Тек халықаралық тасымал мен қызметтік көліктердің қатынауына рұқсат. Тәртіпті бұзғандар бірден жауапқа тартылады. Оларға 590 доллар көлемінде айыппұл салынады. Ел билігінің мәлімдеуінше, бұл коменданттық сағат режимі емес. Өйткені ол тек төтенше жағдай кезінде енгізіледі.

Айта кетейік, Грузия билігінің мұндай шара қабылдауына елдегі вирус жұқтыру деректерінің артуы себеп болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы