422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда теракт құрбандарымен қоштасу рәсімі өтті

  • 79
  • UPD: 23:01, 07.11.2020
Францияда теракт құрбандарымен қоштасу рәсімі өтті Газета.Ру

Ниццадағы Нотр-Дам шіркеуіндегі лаңкестік шабуылдан 9 күн өткен соң қоштасу рәсімі өтті.

Ел билігі мен қаза тапқандардың жақындары қарулы шабуылдың үш құрбанын соңғы сапарға шығарып салды.

Дәстүр бойынша лаңкестердің қолынан қаза тапқандарға «Террорлық шабуыл құрбандары» ұлттық медалі берілді.

Еске алу рәсімінен кейін Үкімет басшысы лаңкестердің көзін жоюға қатысқан полиция қызметкерлерін «Құрметті легион» орденімен марапаттады. Франция тарихында алғаш рет мұндай марапат полиция қызметкерлеріне табысталды.

Айта кетейік, тергеу аясында террорлық шабуыл туралы іс бойынша 11 адам ұсталған болатын. Алайда тексерістен кейін олар босатылды. Ал шабуыл жасаған Тунистің 21 жастағы азаматы дәрігерлердің бақылауында. Ол ұсталған кезде жарақат алған.

Жан Кастекс, Франция пермьер-министрі:

- Полиция қызметкерлері сол күні таңертең басталған жантүршігерлік оқиғаны көрген сәтте қандай күйде болғандарын түсінемін. Үш кісіні оның ішінде екі әйелді асқан қатыгездікпен өлтірген ер адамның көзін құрту үшін оларға зор батылдық пен салқындылықтың керек болғанын да түсінемін. Қылмыскердің көзін жою арқылы полицейлер басқа да адамдардың өлімін болдырмады. Егер лаңкес шіркеу ішінде немесе оның сыртында өзінің қаскөйлік әрекетін жалғастырғанда, не боларын елестетуге батылым жетпейді.

Хабар 24 телеарнасы