424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: бес елдегі күзендерден коронавирус анықталды

  • 85
  • UPD: 09:41, 08.11.2020
ДДСҰ: бес елдегі күзендерден коронавирус анықталды

Әлемнің тағы бес елінде коронавирус жұқтырған қаракүзендер табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жануарлардың вирус жұқтырғаны Испания, Италия, АҚШ, Нидерланд пен Швецияда расталған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дания билігі фермаларда өсіріліп жатқан барлық күзенді жою туралы шешім шығарған еді. Бұл – кем дегенде 15 млн аңның көзі құртылады деген сөз. Бұған коронавирустың қаракүзендерге жұғып, мутацияға ұшырауы себеп. Өйткені өзгерген вирус кейін 200-ден астам адамнан анықталған. Осыған байланысты Дания билігі елде локдаун режимін енгізіп, тұрғындарды тесттен өтуге шақырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы