423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапон ғалымдары жарғанаттардан COVID-19-ға ұқсас вирус тапты

  • 130
Жапон ғалымдары жарғанаттардан COVID-19-ға ұқсас вирус тапты

Токио университетінің ғалымдары Жапонияда жарғанаттардан COVID-19-ға ұқсас вирусты тапты.

Бұл туралы ТАСС жапон қоғамдық теледидарына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл вирус SARS-CoV-2 коронавирусымен 81,5% бірдей екендігі атап өтілді. Мамандар жеті жыл бұрын жиналған жануарлардың биоматериалдарын зерттеді. Клиникалық зерттеулер барысында олар бұл вирустың адамға берілмейтінін анықтаған.

Жапон ғалымдары жаңа коронавирустық инфекцияның жоғары пайызы бар вирусты жергілікті жануарлардан бірінші болып тіркегені белгілі. Сонымен қатар Қытайда тұратын жарғанаттардан мамандар SARS-CoV-2-ге ұқсас 95% және одан жоғары вирустарды тапты.

Хабар 24 телеарнасы