423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда карантинге қарсы шерулер толастамай тұр

  • 150
  • UPD: 20:48, 08.11.2020
Испанияда карантинге қарсы шерулер толастамай тұр

Әлемде коронавирус жұқтырғандар қатары артып жатыр. Қазіргі дерек бойынша шамамен 50 миллион адам қауіпті инфекцияға шалдыққан. Ал 1 миллион 250 мыңнан астам адам көз жұмған.

Індеттің таралуы бұрынғыша АҚШ, Үндістан және Бразилияда жоғары. Еуропада да вирустың таралуы қарқыны қатты. Осыған байланысты қарт құрлық елдері шектеу шараларын күшейтіп, локдаун енгізіп жатыр. Соның бірі Польша. 

Елде індеттің өршуіне байланысты мейрамханалар мен мәдени мекемелер жұмысын тоқтатқан. Жаңа тәртіп алдағы 3 апта бойы жалғасады. Бірақ алдағы бір аптада нәтиже шықпаса, елде ұлттық карантин жариялануы мүмкін. Себебі таяуда ғана елде тәуліктік рекорд тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны 500 мыңнан асып кетті. 

Маржена Воеводзка-Железнякович, дәрігер:

- Жұмыс өте қауырт. Үнемі кадрларға қатысты қиындықтарға тап боламыз. Дәрігер жоқ. Бәрі жеңіл жұмысқа қашады. Сондықтан қолда бар кадрларды бағалауымыз керек. 

Испаниядағы жағдай мүлдем басқа. Мұнда жергілікті тұрғындар билік өкілдері енгізген шектеу шараларына қарсы көшеге шықты. Өйткені елде көптеген кәсіпорын қызметін тоқтатқан. Кафе-бар секілді сауық мекемелері де солардың қатарында. 

БЛИЦ

  1. Біз кәсіпорындарды қолдап көшеге шықтық. Себебі олар жабылса, сауда тоқтайды. Сәйкесінше жұмыс та болмайды.
  2. Кафеде немесе барда жұмыс істейтін көптеген танысым бар. Қазір бәрі жұмыссыз. Біреуі де пәтерақысын төлей алмай отыр. Бұл сұмдық қой!
Хабар 24 телеарнасы