422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джо Байден президенттік қызметіне дайындалып жатыр

  • 140
  • UPD: 12:01, 09.11.2020

АҚШ-та алдын ала санақ бойынша алға озып шыққан Джо Байден президенттік лауазымына дайындалып жатыр.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Демократиялық партия үміткері мемлекет тізгінін қолына ала салысымен бірнеше жарлыққа қол қоймақ. Ең алдымен коронавируспен күрес жоспарын ұсынбақ. Және қазіргі президент Дональд Трамптың кей бастамаларын қайта қарауды көздеп отыр.

Джо Байден, демократиялық партия үміткері:

- Біз жұмысымызды коронавирус індетін бақылауға алудан бастаймыз. Алдағы күндері ғалымдар мен сарапшылардан құралған топ құрамыз. Олар өтпелі кезеңде індетпен күрес бойынша нақты шаралар қабылдауға атсалысатын болады.

Ал Джо Байден жақтастары өз үміткерінің жеңіске жеткенін тойлауға кіріскен. Елдің көп қаласында мыңдаған адам көшеге шығып, бір-бірін құттықтауда. Ең ірі шеру Вашингтонда өтті.

БЛИЦ:

- Сайлау қорытындысына қарамастан елде тынышытық, бірлік болғанын қалаймын. Біз мына індетті жеңіп шығуға күш салуымыз керек.

- Мен Камала Харрис келесі вице-президент болғанына өте қуаныштымын. Бұл – керемет жетістік.

Ал қазіргі пррезидент Дональд Трамп Джо Байденді жеңді деп айту әлі ерте дейді. Ақ үй басшысы сайлаудың ресми қорытындысы жарияланбай, қарсыласының жеңдім деуі дұрыс емес екенін айтады. Оның пікіріншше, биылғы сайлауда демократтар тарапынан заңбұзушылық көп болғанын алға тартып, Байденнің жеңіске жеткеніне күмән келтіруде.

Хабар 24 телеарнасы