423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамптың биліктегі төрт жылы

  • 134
  • UPD: 13:29, 09.11.2020
Трамптың биліктегі төрт жылы РБК

Төрт жыл бойы Ақ үй төрінде отырған Дональд Трамптың президенттік өкілеттігі аяқталуға жақын.

Келер жылдың басында оның орнын Джо Байден басады. Осыған байланысты өткенге үңіліп, 45-президенттің ел басқарған шағын еске алсақ.

Дональд Трамп халық алдында ант берген сәттен бастап елдің сыртқы саясаты басқа бағытта өрбитінін айтты. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Бүгіннен бастап бірінші кезекте тек Америка болады. Тек қана Америка!

Осы мақсатта Құрама Штаттардың 45-президенті АҚШ пен Мексика арасында қорған тұрғызуға кірісті. Осылайша Трамп елге заңсыз кіретін мигранттар ағыны мен есірткі мафиясына тосқауыл қоймақ болды.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Біз қорған тұрғызамыз. Ол үшін америкалықтар бір тиынға да шығындалмайды. Барлық қаражатты мексикандықтар өз мойнына алады.

Трамптың Ақ үйдегі жылдары Ресейдің АҚШ сайлауына араласуы жөніндегі даумен де есте қалды.

Джейсм Коми, ФТБ бұрынғы директоры:

- Ресей 2016 жылғы президенттік сайлауға араласты. Олар түрлі техникалық құралдарды қолданып, мақсатты әрекет етті.

Алайда Путин де, Трамп та бұл айыптауларды жоққа шығарып келді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Сөз байласу болған жоқ. Трамп пен Ресей арасында ешқандай да сөз байласу болған емес. 

Сыртқы саясаттағы тағы бір өткір жағдай Солтүстік Кореямен байланысты. Арадағы шиеленістерге қарамастан, Дональд Трамп Ким Чен Ынмен тарихи кездесу өткізді. Көшбасшылар Оңтүстік және Солүстік Корея шекарасының түйіскен тұсында қол алысып, кейін Ақ үй қожайыны Солтүстік Корея жағына өтті.

Ал халықаралық келісімдерге келер болсақ, Трамп әкімшілігі 4 жыл ішінде 5 ірі келісімнен шыққан. Олардың арасында Транс-Тынық мұхиты серіктестігі, Иран ядролық келісімі мен бүкіл әлемдік климаттың жылыну мәселесі жөніндегі Париж келісімі бар.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Құрама Штаттар климат жөніндегі Париж келісімінен шығады.

Бұдан бөлек, Трамп президенттік еткен уақытта Вашингтон мен Қытай арасына сызат түсіп, сауда соғысы басталды. Жылдар бойы серіктестік ауанында тұрақты келе жатқан екі ел қатынасы бір мезетте ойпыл-тойпыл болды да кетті. Пандемия басталғанан кейін дау тағы да көтерілді. АҚШ президенті Қытайды коронавирус таратқаны үшін бірнеше мәрте айыптады. Тіпті инфекцияға індетке жаңа термин тауып, келемеждеді де.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Не көп, коронавирустың атауы көп. Әлемде атауы көп басқа ауру түрі жоқ шығар. Мәселен, оны Кунгфлю деп атар едім.

Жуырда жұртты осылай күлдірген Ақ үй басшысы жыл басында өзі де күлкіге қала жаздады. АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы ел басшысына бірнеше айып тағып, оған импичмент жариялмақ болды. Алайда басым бөлігі республикашылдар құрайтын Конгресс Сенаты бұл айыптарды негізсіз деп танып, президенттің мерзімінен бұрын қызметінен кетуіне жол бермеді. Міне, осылай, Трамптың төрт жылдық өкілеттігі өте шықты. Ендігі сұрақ - келесі президенттің 4 жылы қандай болмақ? Оны әрине, уақыт көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы