424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боливияда жаңа президент қызметіне кірісті

  • 93
Боливияда жаңа президент қызметіне кірісті

Боливияда бір жыл бұрын қызметінен кеткен Эво Моралестің орнына жаңа президент қызметіне кірісті.

Бұл лаузымды енді биыл қазан айында сайлауда жеңіске жеткен елдің бұрынғы экономика министрі Луис Арсе атқарады. Салтанатты шараға Аргентина, Колумбия, Парагвай презденттері мен Испания королі қатысты.

Еске сала кетейік, Боливияда өткен жылы қазан айында президенттік сайлау өтіп, Эво Моралес жеңіске жеткен еді. Алайда оның қарсыласы Карлос Меса сайлау қорытындысымен келіспей, оның соңы жаппай шерулерге ұласқан болатын. 3 аптадан кейін Моралес қызметінен бас тартып, шет ел асып кеткен еді.

Хабар 24 телеарнасы