422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда наразы жұрт жаңадан сайлау өткізуді талап етуде

  • 81
  • UPD: 13:42, 09.11.2020

Грузияда парламенттік сайлаудан кейін наразылық күшейіп, шерулер жиіледі.

Өткен жексенбі күні екі қалада ірі наразылық акциялары өтті. Шерушілер заңбұзушылықтар болғанын айтып, жаңа сайлау өткізуді талап етуде. Сайлауда көпшілік дауысқа ие болған билік басындағы «Грузин арманы» партиясы оппозициямен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Грузияда оппозициялық партиялар бір апта бұрын өткен парламенттік сайлау нәтижесі бұрмаланғанын айтып, наразылық танытып жатыр. Тбилиси мен Батумиде шеру өтті. Оппозиция өкілдері сайлауды қайта өткізуді талап етуде. Олар додада басым дауысқа ие болған «"Грузин арманы» партиясына қарсы шығуда. Себебі билеуші партия 48 проценттен астам дауыс жинап, үкіметті қайта құруға құқық алған.

Кеттеван Бибилашвили, шеругее қатысушы:

- Біз өз дауысымызды қорғау үшін шықтық. Сайлаудың бұрмаланғанына қарсымыз. 

Алексей Сухиашвили, шеруге қатысушы:

- Халыққа қант, күріш, ақша таратып сатып алды. Біз келешек ұрпағымыз үшін алаңдаймыз. Бізде тек жер ғана бар, ал грузиндер шетке ағылуда.

Тбилисидегі парламент алдында 20 мың адам жиналды. Шерушілер коронавирусқа қарамастан наразылық шарасын бүкіл ел аумағында өткізуге шақырып жатыр.

Торнике Мачарашвили, шеруге қатысушы:

- Бидзина Иванишвили Грузияда диктатаролық режим орнатуды көздеп отыр. Біздің елде осындай режимге талпынғандар болған. Бірақ грузиндер мұндайға әрдайым қарсы тұрған. Біз әділдік үшін күресуге дайынбыз.

Оппозиция өкілдері өз талаптарына биліктен жауап алмаған соң Орталық сайлау комиссиясының алдына жиналып, оның басшысының қызметтен кетуін талап етті. Шерушілер ғимартка кіруге талпынып, полиция күш қолданды. Ал соңғы мәліметке қарағанда билеуші партия оппозициямен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы