423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Эта» дауылы Флоридаға жетті

  • 125
«Эта» дауылы Флоридаға жетті

Орталық Американың бірнеше елін ойрандап өткен «Эта» дауылы Флорида жағалауына жетті.

Дүлей желдің екпіні секундына 33 метрді құрайды. Штат губернаторы Рон Десантис төтенше жағдай жариялап, мектептер жабылды. Қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқатылды. Жергілікті билік аймақ тұрғындарын үйден шықпауға шақырды. Себебі бұған дейін дауылдан Орталық Америкада 180-нен астам адам опат болып, көптеген елді мекенді су басқан. 25 мың тұрғын эвакуацияланды.

Хабар 24 телеарнасы