423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда тақ мұрагерін ұлықтау салтанаты өтті

  • 72
Жапонияда тақ мұрагерін ұлықтау салтанаты өтті

Жапонияда ханзада Акисиноны тақ мұрагері деп жариялау салтанаты өтті.

Шара сәуір айында жүруі тиіс еді. Бірақ коронавирусқа байланысты кейінге шегеірлген. Індеттен ұлықтау салтанатының уақыты мен шақырылған қонақтар саны да қысқартылды.

Жалпы, Күншығыс елі әлемде ең ежелгі монархия саналады. Дәстүр бойынша таққа тек ер адамдар отыра алады. Сондықтан император Нарухитоның ұлы болмағандықтан, тақ мұрагерлігі 54 жастағы бауыры Акисиноға көшкен.

Хабар 24 телеарнасы