425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу тәртібі өзгерді

  • 84
  • UPD: 16:32, 09.11.2020

Ресейде індеттің таралуы бәсеңдемей тұр.

Соңғы күндері 20 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып алды. Ал Сеченск университетінің ғалымдары коронавирусты анықтау үшін қолданылатын «полимеразды тізбекті реакция» әдісімен жүргізілетін тестілердің жартысына жуығы қате болып шығуы мүмкін деп мәлімдеді. «Сондықтан вирусты анықтау кезінде ПТР тексерісіне сүйенуге болмайды», – дейді мамандар.

Ресейде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу тәртібі өзгерді. Енді COVID-19 диагнозы қойылған адамдар үйінде де емделе алады. Бірақ ол үшін жеке бөлмесі болуы керек. Егер вирусты жұқтырған адам жатақхана сияқты орында немесе созылмалы ауруы бар қарт адаммен бір пәтерде тұрып жатса, онда ол ауруханаға жатқызылуы тиіс.

Оксана Драпкина, Ресей денсаулық сақтау министрлігінің бас терапевті:

– Алдымен науқас ешқайда шықпай үйде оқшаулануы тиіс. Өзінің жеке ыдыс-аяғы болуы қажет. Жұмысына қоңырау шалып, ескертіп, содан кейін емханаға хабарласып, өзінің жағдайын айтуы керек.

Ресейде коронавирус індетінің таралуы бәсеңдемей тұр. Мәскеуде билік жоғарғы сынып оқушыларын қашықтан оқуға көшіргеніне қарамастан жағдай тұрақталмаған. Бірақ қала мэрі қатаң шектеулер енгізілмейтінін айтады. Мәскеу облысы губернаторы да аймақта жағдайдың ауыр екенін жеткізді. Өңірлерде коронавирусты емдеуге қажетті дәрі-дәрмек жетіспеуде.

Андрей Воробьев, Мәскеу облысының губернаторы:

– Қазір жағдай қиын. Аймақта вирусты жұқтырып, ауруханаға түсіп жатқандар көп. Соңғы бір тәулікте дертті 12 мың адам жұқтырып алып, антирекорд орнады.

Бірақ билік экономиканы алға тартып, қатаң шектеулер енгізуден бас тартып отыр. Себебі індеттен мемлекет орасан шығынға батқан.

Авторлары: Дана Нұржан, Дмитрий Настиченко

Хабар 24 телеарнасы