425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Португалияда жылжымалы зертхана жұмыс істей бастады

  • 87
  • UPD: 17:46, 09.11.2020
Португалияда жылжымалы зертхана жұмыс істей бастады

Португалияның Кашкайш қаласында COVID-19 дертіне тестілейтін жылжымалы зертхана жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол арнайы автобусқа орнатылып, қала аудандарын аралап жүр. Мұнда кез келген адам тегін тест тапсыра алады. Бұл – тұрмысы нашар халық топтарын тексеруден өткізу мақсатымен қолға алынған шара. Кашкайш қаласында қазан айынан бастап коронавирус жұқтыру саны күрт өсіп кетті.

Александра Родригес, Кашкайш қаласының тұрғыны:

– Мен коронавирус жұқтыру қаупі жоғары кісілермен бірге жұмыс істеймін. Сондықтан әр адамның тест тапсыруға мүмкіндігі болғаны маңызды.

 

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдар саны 50 млн-нан асып кетті

Ал осы кезде әлем бойынша коронавирусты жұқтырған адамдар саны 50 млн-нан асып кетті. Осындай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтіріп отыр. 1 млн 200 мыңнан аса адам бұл дерттен қайтыс болған.  

Хабар 24 телеарнасы