423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

BTS тобы MTV European Music Awards 2020-да жеңіске жетті

  • 107
  • UPD: 17:08, 10.11.2020
BTS тобы MTV European Music Awards 2020-да жеңіске жетті

Оңтүстіккореялық BTS тобының мүшелері MTV European Music Awards 2020 музыкалық премиясында жеңімпаз атанды.

Музыканттар төрт негізгі номинация бойынша үздік деп танылды, деп хабарлайды сыйлықтың баспасөз қызметі.

BTS тобы «Dynamite» трекі үшін «Ең үздік ән», «Ең үздік топ», «Ең үздік онлайн-концерт» және «Ең үлкен фанаттар базасы» номинациялары бойынша марапатқа ие болды.

Сондай-ақ MTV EMA лауреаттары «Үздік орындаушы» номинациясында Леди Гага, Cardi B («Үздік хип-хоп орындаушы») және Хейли Уильямс «Үздік балама орындаушы» номинациясында болды. «Coldplay» тобы «Үздік рок-топ» деп танылды. Ал француз диджей Дэвид Гетта «Үздік би орындаушысы» санатында жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы