423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19 дертінен вакцинаның сынағы сәтті аяқталды

  • 101
COVID-19 дертінен вакцинаның сынағы сәтті аяқталды

АҚШ-тың «Pfizer» және Германияның «Biotech» компаниялары бірлесіп шығарған коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтті.

Бұл препараттың коронавирус дертінен сақтау тиімділігінің 90%-тен асқаны айтылған. 27 шілдеде басталған сынақтың үшінші кезеңіне 6 елдің 43 мыңнан аса азаматы қатысқан.

Жаңа дәріні осы айда тіркеу көзделіп отыр. Келесі жылы бұл вакцинаның шамамен 1 млрд 300 млн данасы шығарылады. Осы жаңалық жарияланғаннан кейін әлем нарықтарында мұнай бағасы өсті. Brent үлгісіндегі қара алтын 8%-ке қымбаттап, бір баррелінің құны 42,5 доллардан асты.

Хабар 24 телеарнасы