424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Hyperloop көлік жүйесі алғаш рет адам тасымалдады

  • 70
  • UPD: 11:03, 10.11.2020

АҚШ-та сағатына бір мың шақырым жылдамдықпен қозғалатын жүйрік көлік алғаш рет жолаушыларды тасымалдады.

«Хайперлуп» деп аталатын техника арнайы вакуум құбырының ішімен қозғалады. Жүйенің қауіпсіздігін компания  басшыларының өздері тексерді. Сынақ сәтті өтіп, көлік сағатына 172 шақырым жылдамдықпен жүйіткіді. Сынақ жасау үшін салынған көлік жүйесінің арақашықтығы аз болғандықтан жылдамдықты одан асыруға болмайды. Жүйе қауіпсіздгін тексеру үшін екі адамға арналған арнайы капсула орнатылды. Болашақта жолаушыларды 28 адам сыятын капсулалармен тасымалдау көзделіп отыр. Жобаны 2030 жылы толық жүзеге асыру жоспарда бар. Сонда бұл техника Вашингтон мен Нью-Йорк арасындағы 330 шақырымдық жолды жарты сағатта еңсеруі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы