425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда коронавирус вакцинасының сынағына қатысқан адам қайтыс болды

  • 74
  • UPD: 11:08, 10.11.2020
Бразилияда коронавирус вакцинасының сынағына қатысқан адам қайтыс болды

Бразилияның Ұлттық санитарлық қадағалау агенттігі (Anvisa) бір науқастың қайтыс болуына байланысты қытайлық Sinovac Biotech компаниясының «Коронавак» вакцинасының сынағын тоқтатты.

Бұл туралы Бутантан институтының басшысы Димас Ковас хабарлады, деп жазды life.ru.

«Біз вакцинаның елеулі жанама әсері туралы емес, өлім жағдайы туралы хабарладық. Сынақты тоқтату туралы шешім бізді тіпті таңқалдырды, өйткені бұл өлім жағдайы вакцинамен байланысты емес», - деді Ковас.

Оның айтуынша, «Коронавак» вакцинасы 95% жағдайда тиімділігін көрсеткен, дегенмен пациенттердің 35%-інде жеңіл жанама әсерлер болған.

Хабар 24 телеарнасы