423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда мұздатылған өнімнен адамға ковид жұқты

  • 97
  • UPD: 17:49, 14.11.2020

Қытайдың Тяньцзинь және Шанхай қалаларында коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркелді. Бейжіңге жақын орналасқан Тяньцзинде коронавирус мұздатылған өнімнен тараған. Шаһарда әскери жағдай жарияланды. Жалпы соңғы уақытта Қытайда шетелден келгендерден вирусты жұқтыру дерегі көбейген. Жергілікті билік індеттің екінші толқынын болдырмас үшін қандай шаралар қабылдап жатыр.

Қытайдың екі шаһарында мұздатылған өнімнен вирус жұқтыру дерегіне байланысты оларды зарарсыздандыру туралы жоспар қабылданды. Мақсат - вирустың таралуына жол бермеу. Себебі соңғы уақытта мұндай оқиғалар жиілей түскен. Тяньцзин қаласында өнімдерді жартылай дайындаумен айналысатын кәсіпорынның бір қызметкері вирус жұқтырып алған.

Чжэн Цзяньцзюнь, Тяньцзинь қаласының нарықтық реттеулер басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз шетелден әкелінетін мұздатылған тағам өнімдерінің шыққан жерін бақылайтын жүйені жетілдірдік. Олардың дайындалған жері белгілі болмаса, сатылмауы тиіс. Жаңа талаптар бойынша мұздатылған өнімдерді дайындайтын 1 мыңнан астам жергілікті кәсіпорын тіркелді. 

Тяньцзинде вирус шыққан кәсіпорынның қызметкерлері жаппай тексеріле бастады. Билік шетелден вирус әкелу көбейе ме деп алаңдаулы. Бірқатар ел азаматтарына Қытайға кіру уақытша тоқтатылды. Олардың қатарында Англия, Франция, Бельгия, Ресей, Үндістан бар. Бұдан бөлек енді ел аумағына кіру үшін 2 тест тапсыру керек.

Вань Вэньбинь, Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Шетелдік азаматтарға Қытайға келмес бұрын нуклеин қышқылы негізінде тест тапсыру талабын енгізу вирусты сырттан әкеп, жұқтыру дерегін азайтты. Бірақ бұл 100 процент кепілдік бермейді. Сарапшылардың пікірінше, IgM антиденесіне сараптама нәтижесі тұрақты. Осы екі тест арқылы вирусты нақты анықтау мүмкіндігін арттырады.

Талапқа сай Қытайды басып өтіп, өзге елдерге сапар шеккен азаматтар да тест тапсыруы қажет. Ал Қытайға келсе 2 аптаға карантинге жабылады. Ақпан айынан бері 27 миллионнан астам адам осындай карантиннен өткен.

Авторлар: Ботагоз Сырғабаева, Айгерим Сулейменова

Хабар 24 телеарнасы