424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Трамптың сырқатына шипа болған дәріге ұқсас препаратқа рұқсат берілді

  • 69
  • UPD: 15:22, 10.11.2020
АҚШ-та Трамптың сырқатына шипа болған дәріге ұқсас препаратқа рұқсат берілді

АҚШ-та антиденелерден жасалған коронавирусқа қарсы алғашқы дәріні шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілді.

Илай Лилли ((Eli Lilly)) компаниясының препараты 12 жастан жастан жоғары науқастарға қолдану бекітілді. Ол аурудың асқынуының алдын алатын көрінеді. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп та вирусты жұқтырып алған кезде өзге бір компанияның дәл осындай антиденеден жасалған дәрісін қабылдаған. Ақ үйдің қазіргі басшысы оны өзінің жазылып кетуінің кілті деп атаған еді. Бірақ Құрама Штаттарда коронавирусқа шалдыққандарды осындай әдіспен емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігі әлі де зерттелуде.

Хабар 24 телеарнасы