425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Африка Республикасында жол апатынан 14 адам қаза тапты

  • 98
  • UPD: 15:26, 10.11.2020
Оңтүстік Африка Республикасында жол апатынан 14 адам қаза тапты

Оңтүстік Африка Республикасының оңтүстік-шығысында екі жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысты.

Оқиға салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тапты.

«Өткен түнде Исткур қаласының маңындағы тас жолда шағын автобус пен екі жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды», - деді Квазулу-Наталь провинциясының құтқару қызметінің өкілі Роберт Маккензи.

14 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы