425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перу саяси дағдарысқа ұшырады

  • 60
  • UPD: 15:29, 10.11.2020
Перу саяси дағдарысқа ұшырады

Перуде саяси дағдарыс. Ел парламенті сыбайлас жемқорлыққа барғаны үшін  президент Мартин Вискарраға импичмент жариялап, қызметінен босатты.

Бастаманы 105 депутат қолдап, 19 адам қарсы шыққан. Елді басқару уақытша парламент спикері Мерино де Лама қолына көшті. Ал тергеуге қарағанда Вискарра 2011-2014 жылдары Мокегуа аймағының губернаторы болған кезде құрылыс нысандарын бөлген үшін 600 мың доллар пара алған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы