425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эта дауылынан кейін Мексиканы су басты

  • 83
  • UPD: 15:48, 10.11.2020
Эта дауылынан кейін Мексиканы су басты

Мексикада соққан Эта дауылымен бірге келген жауыннан көп елді мекенді су басып жатыр.

Табиғат апатынан 150 адам опат болды Табаско штатындағы 11 ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілуде. Макспан қаласының тұрғындары тіпті көшелерде қайықпен қозғалуға мәжбүр. Адамдар үкімет тарапынан жеткілікті дәрежеде көмек көрсетілмей жатқанын айтып шағымдануда.

Фабиола Лопес, жергілікті тұрғын:

- Көптеген үй су астында қалып, адамдар баспанасынан айырылды. Су менің екі қабатты үйімнің ортасына дейін жетіп қиратып кетті. Енді қайда барарымызды білмейміз.

Хабар 24 телеарнасы