423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливанда тағы да локдаун енгізіледі

  • 117
  • UPD: 12:06, 11.11.2020
Ливанда тағы да локдаун енгізіледі

Ливанда қайтадан локдаун енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ел билігі хабарлады. Шектеу шарасы 14 қарашада күшіне еніп, ай соңына дейін жалғасады. Осылайша билік өкілдері вирустың таралуын тоқтатып, денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктемені азайтпақ ниетте. Елде өмірлік маңызы бар мекемелерді қоспағанда барлық кәсіпорынның жұмыс уақыты қысқарады. Жаңа тәртіптің сақталуын полицейлер бақылайды. Айта кетейік, бұған дейін елдің денсаулық сақтау министрлігі, коронавирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты жансақтау бөлімдерінде төсек-орынның жетіспей жатқанын мәлімдеген болатын.

Хасан Диаб, Ливан премьер-министрінің міндетін атқарушы:

– Бүгін біз вирус жұқтыру деректерінің саны бойынша қауіптің қызыл деңгейіне жеттік. Жеке меншік және мемлекеттік ауруханаларда науқастарға орын жетіспей жатыр. Осыған байланысты локдаун енгізуге тура келді. Басқа амал жоқ.

Хабар 24 телеарнасы