420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Титаниктегі» көріністі қайталамақ болған қалыңдық пен күйеу жігіт көз жұмды

  • 178
  • UPD: 09:42, 11.11.2020
«Титаниктегі» көріністі қайталамақ болған қалыңдық пен күйеу жігіт көз жұмды

Үндістанда үйлену алдындағы фотосессияны өзенде жасамақ болған қалыңдық пен күйеу жігіт қаза тапты, деп хабарлады жергілікті Kaumudi Online басылымы.

Оқиға Карнатака штатындағы Кавери өзенінде болған. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 28 жастағы ер адам мен 20 жастағы бойжеткен отбасы мүшелерімен және фотографпен бірге балық аулауға арналған қайықпен өзенге барған, одан соң жұп «Титаник» фильміндегі әйгілі көріністі қайталауды жоспарлаған.

Жаңбырдан кейінгі судың қатты ағыны салдарынан ескекші қайықты басқара алмай, нәтижесінде қайық аударылған. Қалыңдық пен күйеу жігіт суға батып кетті, ал қайықшы аман қалды.

Жергілікті полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Хабар 24 телеарнасы