425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда Қытай вакцинасын сынақтан өткізу уақытша тоқтатылды

  • 89
  • UPD: 12:07, 11.11.2020
Бразилияда Қытай вакцинасын сынақтан өткізу уақытша тоқтатылды

Бразилияда қытайлық «Sinovac» компаниясының дайындаған коронавирусқа қарсы вакцинасын сынақтан өткізу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі қазан айының соңында тәжірибеге қатысып жатқан адамның бірі қайтыс болған. Оқиғадан кейін жергілікті мамандар өлімнің себептерін тексеруге кіріскен. Әзірге оның вакцинамен байланысы дәлелденбеген. Ал «Sinovac» компаниясы өз екпесінің қауіпсіз екеніне сенімді. Бұған дейін ол 60 мың еріктіге егіліп, ешқандай қауіпті жанама әсері байқалмаған. Айта кетейік, бұл – Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцинаны сынау кезінде болып тұрған екінші қайғылы оқиға. Қазанның 15-і күні «AstraZeneka» компаниясының вакцинасы сынағына қатысып жатқан 28 жастағы дәрігер көз жұмған.

Антонио Барра Торрес, Бразилия денсаулықты бақылау ұлттық агенттігінң бас директоры:

– Қазір өлім себебі тексеріліп жатыр. Егер оның вакцинамен байланысы анықталып, дәлелденсе, сынақ жұмыстары толық тоқтатылады.

Хабар 24 телеарнасы