422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияда қара күзенді заңсыз қырған

  • 96
  • UPD: 12:07, 11.11.2020
Данияда қара күзенді заңсыз қырған

Дания билігі фермаларда өсіріліп жатқан барлық қара күзендерді жаппай жою туралы шешімнің қате екенін мойындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мәселе қайта ел парламентінің қарауына берілді. Осы салаға тікелей жауапты Азық-түлік және балық шаруашылығы министрі үкіметтің шешімі негізсіз болғанын мәлімдеді. Еске сала кетейік, Данияда өткен апталарда қолда өсіріліп жатқан қара күзендерден коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі табылып, үкімет оларды жаппай жою туралы шешім қабылдаған. Өйткені өзгерген кеселден жаңа індеттің тарау қауіпі төнген. Шешім қабылдана салысымен елдегі 17 млн қара күзеннің 2,5 млн-ы жойылған.

Могенс Йенсен, Данияның Азық-түлік және балық шаруашылығы жөніндегі министрі:

– Бізден қате кетті. Індет шыққан фермалардан 8 шақырым алыс жерлерде аталған қара күзендерді қыруға заңдық негіз жоқ еді. Ал министрліктің сол шешімі үшін мен жауаптымын. 

Хабар 24 телеарнасы