425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Даун синдромына шалдыққан триатлоншы IRONMAN-ге қатысты

  • 117
  • UPD: 14:39, 11.11.2020
АҚШ-та Даун синдромына шалдыққан триатлоншы IRONMAN-ге қатысты dnevnik.bg

Әлеуметтік желіде 21 жастағы америкалық триатлоншы Крис Никичке қатысты осындай мадақтар айтылып жатыр.

Ол Даун синдромына шалдыққандар арасынан IRONMAN марафонын толық өткен алғашқы спортшы атанды. Флоридалық триатлоншы 16 сағат 46 минут ішінде 4 шақырым жүзіп, велосипедпен 180 шақырым жерді бағындырып, 42 метр жүгіріп өтті. Никич бұл жетістігімен Гиннес рекордтарына да кірді.

Айта кетейік, туғаннан Даун синдромы диагнозы қойылған Крис үш жыл бұрын 4 операцияны басынан өткерген. Осыдан кейін жас жігіт триатлонмен айналысуды шешеді. Қазір ол аптасына 6 күн жаттығады. Енді 2022 жылы өтетін арнайы олимпиадаға қатысуды көздейді.

Хабар 24 телеарнасы