425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ Шенген аймағын реформалауға ниетті

  • 95
  • UPD: 13:44, 11.11.2020
Еуроодақ Шенген аймағын реформалауға ниетті

Еуроодақ лаңкестікке төтеп беруі үшін Шенген аймағын шұғыл реформалауы керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропадағы соңғы лаңкестік оқиғалардан кейін ішкі қауіпсіздік мәселесін талқылаған Австрия, Германия, Нидерланд және Франция басшылары осындай пікір білдірді. Президент Эммануэль Макрон ұйым елдерін сыртқы шекараны бақылауды күшейтуге шақырды. Германия канцлері Ангела Меркель де Шенген аймағына кірушілер мен шығушыларды бақылауды қатаңдатудың маңыздылығын атап өтті. Мәселеге қатысты Еурокомиссия алдағы айда Еуроодақта лаңкестікпен күрес бойынша жаңартылған бағдарлама ұсынбақ.

Эммануэль Макрон, Франция Президенті:

– Шенген аймағы азаматтардың емін-еркін қозғауы үшін құрылған. Алайда ол сыртқы шекара қауіпсіздігіне байланысты. Егер біз Шенген аймағын реформаламасақ, лаңкестікті бастан кешкен елдер уақыт өте келе шекараның ашықтығына наразылық танытуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы