423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Непалда билік науқастарды тегін тестілеуді қолға алмақ

  • 51
Непалда билік науқастарды тегін тестілеуді қолға алмақ

Непалда коронавирусты жұқтырғандар саны артуына байланысты билік тестерді ақысыз өткізіп, науқастарды тегін емдеуді қолға алмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Азиядағы мемлекетте дертке шалдыққандар қарасы 200 мыңнан асқан. Індеттен 1 мыңнан аса адам көз жұмған. Соңғы уақытта күн сайын вирусты 3 мыңға жуық адам жұқтырып алып жатыр. Сарапшылары: «Індеттің күшеюінің себебі адамдардың қауіпсіздік шараларына көп мән бермеуінен», – дейді.

Нараян Прасад Шарма, заңгер:

– Менің ойымша, қоғам індет туралы жеткілікті хабардар емес. Адамдар бетперде таққанымен, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Мысалы, Катмандудағы Асан ауданына барсаңыз, адам қарасы көп. Індет болғанға дейінгі кезден аз емес дер едім.

Хабар 24 телеарнасы