425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдағы бойдақтар күнінде онлайн сауда қыза түсті

  • 86
  • UPD: 19:16, 11.11.2020

Қытайда бойдақтар күніне орай онлайн сауда көлемі артты. Электронды ірі сауда алаңының бірі «Алибаба» компаниясының саудасы 56 миллиард доллардан асып, жаңа рекордты көрсеткішке жеткен.

Биыл жеңілдікпен сату акциясына 250 мың бренд пен 5 миллион магазин қатысып, 800 миллион тұтынушы саудаласып үлгеріпті.

Айта кетейік, бойдақтар күні Қытайда жыл сайын қарашаның 11-і аталады. Оның тарихы өткен ғасырдың 90-жылдарынан Нанкин қаласындағы университеттің бірінен бастау алады. Өз сүйіктісін кездестірмеген жас жігіттер көңілдерін сауда жасаумен аулаған. Көп ұзамай ол үрдіске айналып, онлайн сауда желілері осы күні жаппай сатылым ұйымдастыруды шешкен.

Хабар 24 телеарнасы