425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде жаңа карантиндік шектеулер енгізіледі

  • 114
  • UPD: 19:05, 11.11.2020
Ресейде жаңа карантиндік шектеулер енгізіледі

Ресейде коронавируске қатысты жаңа шектеу шаралары енгізілмек. Шектеулер қаңтар айының ортасына дейін жалғасады.

Өйткені жергілікті эпидемиологтардың болжауынша, елде вирус жұқтыру деректері алдағы уақытта арта түседі. Осыған байланысты жұмадан бастап елдегі түнгі клубтар қызметін тоқтатады. Ал мейрамханалардың түнде жұмыс істеуіне тыйым салынбақ. Бұдан бөлек фестивальдер, рождестволық базарлар мен жаңа жылдық мерекелер де өтпейтін болды. Ал студенттер қашықтан оқу режиміне көшіріледі.

Айта кетейік, өткен тәулікте Ресейде 20 мыңдай азаматтан коронавирус анықталып, 400 кісі көз жұмды. Вирус жұқтыру деректері елдің 85 өңірінде тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы