422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысына Ресейден келген екі адамнан вирус анықталды

  • 113
  • UPD: 19:05, 11.11.2020
Ақтөбе облысына Ресейден келген екі адамнан вирус анықталды

Ақтөбе облысында соңғы тәулікте COVID-19 індетін 7 адам жұқтырған. Олардың екеуі Ресейден оралған жолаушы. Қауіпті вирусқа шалдыққандар жайы шекарадағы санитарлық бекетте алынған сынама нәтижесінен белгілі болды.

Ресеймен шектесетін жол бойындағы Жайсаң және Әлімбет бекеттерінде арнайы санитарлық-карантиндік оқшаулау орындары бар. Қазан айының басынан шекараны кесіп өткен 18 мың азамат тексеріліп, олардың 18-інен індет анықталды. Қазір өңірде санитарлық ахуал тұрақты. Мамандар елді мекендер арасындағы байланысты тоқтатудың қажеттігі жоқтығын айтады. Дегенмен, сақтандыру шараларын естен шығармаған жөн. Әсіресе егде жастағы тұрғындарға қоғамдық орындарға бармауға кеңес беріледі. Қазір облыста коронавирус жұқтырған 69 науқас ем қабылдауда. Сонымен қатар 29 адам пневмония дертінен емделіп жатыр. 

Мұхтар Сербаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а.:

- Бірінші қазаннан осы бүгінгі күнге дейін барлығы 126 пневмония жағдайы тіркеліп отыр. Ең көп тіркелу жағдай бұл 60-69 жас аралығында және 70-79 жас аралығындағы адамдар кездесіп отыр. Мен мұны неге айтып отырмын, әлеуметтік қашықтық, маска кию керек және 65-тен асқан азаматтар негізінде көп адамдар шоғырланған жерге баруды азайту керек, бармау керек.

Хабар 24 телеарнасы