423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппинге «Вамко» тайфуны жақындап келеді

  • 69
  • UPD: 08:53, 12.11.2020
Филиппинге «Вамко» тайфуны жақындап келеді

Осыған байланысты ел билігі тұрғындарды шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірге дейін елдің шығысындағы провинциялардан он мыңдаған адам ковид-науқастарға арналған жерлерге орналастырылғаны белгілі болды. Өйткені олардың бәрі қазір бос тұрған көрінеді. Жалпы метеорологиялық қызметтің дерегінше, тайфун ел жағалауына секундына 34 метр жылдамдықпен жылжып келе жатыр екен. Дауылмен бірге екпінді жел мен нөсер жаңбыр да жауады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы