422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондон көшелерінде жүргізушісі жоқ электромобильдер пайда болды

  • 83
  • UPD: 08:55, 12.11.2020
Лондон көшелерінде жүргізушісі жоқ электромобильдер пайда болды

Жаңа техника тұрғындарға дәрі-дәрмек пен шағын пакеттерді жеткізумен айналысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін кез келген көлікке тапсырыс беріп, ол келіп жеткенде ішіне өз затын салуы керек. Жоба авторларының айтуынша, электрокарлар жасанды интеллектпен жабдықталған. Оның көмегімен көліктер жол жүру бағытын есте сақтайды екен. Сондықтан ол қала ішінде GPS сигналынсыз қатынай алады-мыс.

Айта кетейік, мұндай көліктердің жылдамдығы сағатына 96 шақырымға дейін жетеді. Ал оның аккумуляторы небәрі үш сағат ішінде толық қуатталады екен.

Уильям Сачити, робот техникасы академиясының негізін салушы:

– Автокөліктің ішінде сәлемдемелерді басқарудың арнайы жүйесі бар. Ол пошта қызметіндегі сұрыптау бөліміне ұқсас. Техника сәлемдемелерді жеткізу тәртібіне қарай олардың орнын өздігінше ауыстырып отырады. Сондықтан көліктің жүк салғышын ашқан кезде сіз тек тапсырысыңызды ғана көресіз.

Хабар 24 телеарнасы