423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 52 млн-нан асты

  • 95
  • UPD: 17:01, 12.11.2020

Әсіресе Еуропдағы індетпен байланысты жағдай нашарлай түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Италияда індеттің таралуы қайта күшейіп, дертке шалдыққандар 1 миллионнан асты. Аппенин түбегінде күн сайын 30 мыңнан астам адамнан анықталуда. Мамандар індеттің күшеюін елде жаппай тестілеу жүргізіле бастауымен байланыстырып отыр.

Ал оқшаулау тәртібі енгізілген Франция ауруханаларында коронавирусты жұқтырғандар саны артып, емдеу орталықтарында орын жетіспей жатыр. Салдарынан науқастарды көрші Германияға аттандырып жатыр. Олардың басым бөлігі – қарттар.

Патрик Гольдштейн, Лилль қаласының жедел жәрдем қызметі басшысы:

– Шетелге емделуге, негізінен соңғы 7 күнде вирус жұқтырған 55 пен 60 жас аралығындағы қарт адамдар жіберіліп жатыр. Өйткені 1 аптадан кейін олардың көбінің жағдайы нашарлап кетті. Біз азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз.

Қатаң шектеулер енгізген Ұлыбританияда да індеттің таралуын бақылауға алу үшін тұрғындарды тестілеу күшейтілді. Билік азаматтарға аурудың нышандары байқалмаса да, тексерістен өтуге кеңес беруде. Үкімет осы арқылы вирусты жұқтырғандарды тез анықтап, індеттің таралуын азайтуды көздеп отыр.

Айта кетейік, Ұлыбританияда індет таралғалы коронавирусты жұқтырғандар қарасы 1 миллион 200 мыңнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы