423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияның Андалусия аймағында жаппай тестілеу жүргізіле бастады

  • 90
Испанияның Андалусия аймағында жаппай тестілеу жүргізіле бастады

Испанияның Андалусия аймағында індеттің өршуіне байланысты тұрғындарды коронавирусқа қарсы жаппай тестілеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара бірқатар қалада өткізілді. Себебі аймақта вирустың таралуы күшейген. Соңғы бір тәулікте өңірде кеселді 3 мыңнан астам адам жұқтырып алған. Жалпы бұл аймақта бірер күн бұрын шектеу шаралары қатаңдатылып, коменданттық сағат енгізілген. Мейрамханалар мен дүкендер жабылып, өзге аймақтармен байланыс шектелген.

Айта кетейік, Испанияда ел аумағына кіру тәртібі де қатаңдатылып жатыр. Корольдік індет өршіген аймақтардан келген азаматтарды тексеруді күшейтуді көздеп отыр.

Сальвадор Илья, Испания денсаулық сақтау министрі:

– Індет өршіген елдерен келген азаматтар вирусты жұқтырмағаны жайында ПТР анықтамасын ұсынуы тиіс. Тәртіп Еуропадағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы қызыл аймаққа жатқызған Одақ елдеріне де қолданылады. Ал үшінші мемлекеттерге келетін болсақ, олар соңғы 14 күнде дертті жұқтыру дерегіне қатысты іріктеледі.

Хабар 24 телеарнасы