424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таулы Қарабахтағы атысты тоқтату тәртібін бақылайтын орталық құрылады

  • 90
Таулы Қарабахтағы атысты тоқтату тәртібін бақылайтын орталық құрылады

Ресей мен Түркия Қорғаныс министрлері Таулы Қарабахта атысты тоқтатуды бақылау орталығын құру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, аталған орталық Әзербайжан аумағында орналастырылып, атысты тоқтату тәртібін сақтауды қадағалайды. Және де осы уағдаластықтың орындалу барысы жайлы ақпарды тексеріп, оны орындау барысында туындаған мәселер мен шағымдарды қарастырумен айналысатын болады.

Еске сала кетейік, өткен сейсенбі күні Әзербайжан, Армения және Ресей басшылары Таулы Қарабахтағы атысты тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Оған сәйкес аймаққа Ресей бітімгерлері орналастырылады. Егер тараптар қарсылық танытпаса, олардың қалу мерзімі тағы бір мерзімге ұзартылады.

Хабар 24 телеарнасы